Қайрат Боранбаев неге бостандықта жүр – ҚМА жауап берді
Бұған қатысты Қаржылық мониторинг агенттігі түсініктеме берді
Кәсіпкер Қайрат Боранбаев мемлекетке келтірген шығынды толығымен өтегендіктен ол қазір бостандықта жүр. Бұл туралы бүгін Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бірақ, баса айта кетерлігі, Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс әлі тоқтамаған.