Елімізде

«Қазақфильмнің» жері сатылмайды: Министр Балаева қауесетке нүкте қойды

Министр киностудияны сатуға ешқандай негіз жоқ екенін атап өтіп, оның дамуына бағытталған нақты қадамдар мен заңнамалық өзгерістер туралы айтты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева күні кеше жарық көрген Aiqyn газетіне берген сұхбатында «Қазақфильм» жайлы ел ішіндегі алып-қашпа әңгімелерге, түрлі қауесет пен сыни пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сондай-ақ, республикалық басылымның бас редакторы, әріптесіміз Амангелді Құрметпен болған сұбелі сұхбат барысында ведомство басшысы «Қазақфильмнің» бұрынғы даңқын қайта қалпына келтіріп қана қоймай, оның жаңаша дамуына, тұрақты өркендеуіне тікелей мүдделі екенін де атап өткен.

Мұнымен қоса, ендігіде кино түсіруге ниетті азаматтар өз жобасы мен қаржысының белгілі бір пайызын, мысалы, 50 пайызын алып келсе, «Қазақфильм» қалған қаражатты бөліп, бірлесіп жұмыс істейді. Бұл ретте мемлекет қаржысының қайтарымы болуы үшін прокаттағы табысқа екі тарап та мүдделі болады.