Елімізде

Алматыға Италия мен Польшадан кофе түрінде есірткі тасымалдаған шетелдік адам ұсталды

Шетелдік курьер Алматыда үш айдан бері есірткі тасымалдап жүргені белгілі болды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімдерінің қызметкерлері Италия мен Польшадан Қазақстанға жеткізілетін кокаин арнасынының жолын кесті. Күдіктілер есірткіні кофе түріндегі капсулаға тығып әкеліп, Алматыдағы жалдамалы пәтерге тыққан,  деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Полиция сайтының мәліметінше, тәркіленген есірткінің көлемі 250 грамм. Айтып өткеніміздей,  кокаин кофе түрінде пластикалық капсулаларға жасырылған.

Анықталғандай, ұсталған шетелдік азамат үш айдан бері осылай есірткі тасымалдайтын курьер болып «жұмыс істеген». Өзі  Алматыға шаруашылық тауар ретінде жасырылған пошта сәлемдемелері арқылы есірткінің сирек түрлерін сату мақсатында ғана келгені белгілі болып отыр.