Қазақстанға тартылған шетелдік инвестициялардың көлемі $58 млрд-тан асты – Үкімет
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов инвестициялық саясатты жүзеге асыру барысы туралы туралы баяндады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Инвестициялық штабтың рөліне ерекше назар аударылып отыр. 2025 жылы жалпы құны $115 млрд болатын 212 жоба бойынша проблемалық мәселелер реттелді.
Премьер-министр Президент қойған міндеттерге сәйкес инвесторларды тарту жүйесі жетілдіріліп жатқанын атап өтті. Жобалар бастапқы кезеңнен құрылысы аяқталғанға дейін «жасыл дәліз» қағидасы бойынша сүйемелденеді:
Президент Жарлығымен инвестициялық омбудсменнің функциялары Бас прокурорға жүктелді. Прокурорлық қадағалау инвесторларды құқықтық қолдау шараларын күшейтуге мүмкіндік берді;
«Бәйтерек» холдингі Қазақстанда маңызды жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытатын инвесторларды іздеп табуға проактивті түрде кірісіп кетті;
Инвестиция тартудың сыртқы контурын нығайту мақсатында инвестициялық әлеуеті жоғары елдерде Kazakh Invest компаниясының шетелдік өкілдіктері ашылатын болады.
Мемлекет басшысының бастамасымен құрылып жатқан Алатау Сити қаласы инвестиция тартудың жаңа орталығына айналмақ. Конституциялық заң жобасында ерекше құқықтық режимді және заманауи басқару мен қала құрылысы нормаларын енгізуді көздейтін ережелер қамтылды.