Елімізде

Қазақстанға Қырғыз республикасының президенті келді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров ертең бірқатар келіссөздер өткізеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды jambylinfo.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып. 

Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.