Елімізде

Қазақстан Ауғанстанға интернеттің жылдамдығын жақсартуды үйретеді

«Қазақтелеком»  компаниясы мен «Ауғантелеком» компаниясы коммерциялық ынтымақтастық орнатқан

Қазақстан Ауғанстанға «электрондық үкіметті» дамытуға көмектеседі, деп хабарлайды jambylinfo.kz үкіметтің сайтына сілтеме жасай отырып.

Дереккөзіне сүйенсек, вице-премьер Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегацияның Ауғанстанға ресми сапары аясында «электрондық үкімет» бойынша отандық әзірлемелердің ең үздік шешімдері таныстырылды. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері Data Lake, Smart Bridge және Gov.kz сияқты үздік қазақстандық шешімдерді енгізудің мүмкіндіктері мен экономикалық тиімділігін көрсетті. 

Сондай-ақ қазақстандық делегацияның ресми сапары барысында тараптар «Қазақтелеком» АҚ мен «Ауғантелекомның» коммерциялық ынтымақтастығы аясында Ауғанстанға интернет трафигін 60-тан 100 Гбит/с-қа дейін кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.