Елімізде

Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

2025 жылдың 27 қыркүйегінде сағат 22:51-де ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 852 шақырым жерде орналасқан.

Сезілу деңгейі:

Семей қаласында – 2 балл.

Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.