Елімізде

Қазақстан күнбағыс майын экспорттайтын әлемдегі жетекші сегіз елдің қатарына енді

Бұл туралы Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығы басқармасының төрағасы Ядыкар Ибрагимов мәлімдеді.

Қазақстан күнбағыс майын экспорттаушылардың әлемдік рейтингінде 8-орынға көтерілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

2025 жылдың 10 айында тазартылған майдың экспорты 122%-ға өсіп, 132 мың тоннадан асты. Шетелдік жеткізілімдердің жалпы көлеміндегі жоғары қайта бөлу өнімдерінің үлесі 25%-ға дейін өсті, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 18%-дан аспаған.

2026 жылы саланы дамытуға жиынтық қуаттылығы жыл сайын 370 мың тонна болатын төрт ірі инвестициялық жобаны іске қосу ықпал ететін болады. Бұл Қазақстанға таяудағы екі-үш жылда Орталық Азия мен Таяу Шығыс нарықтарындағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.