Елімізде

Қазақстан мектептерінде тегін тамақтың орташа құны 775 теңгеге жетті

Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғарин депутаттардың сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Елімізде бір оқушыға шаққандағы тегін мектеп тамағының орташа бағасы 775 теңгені құрады. Бұл сома жыл сайын инфляция деңгейіне байланысты индекстеліп отырады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғарин депутаттардың сауалына берген жауабында мәлімдеді. Оның айтуынша, тамақтандыру құны өңірлердің ерекшелігі мен экономикалық мүмкіндіктеріне қарай қалыптасады.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жергілікті атқарушы органдар баға өзгерісі мен статистикалық деректер негізінде бұл көрсеткішті қайта қараған.

Салыстырмалы түрде:

2024 жылы – 635 теңге

2025 жылы – 697 теңге

2026 жылы – 775 теңге

Сондай-ақ, 2022 жылдан бері мектептегі тамақтандыруға бөлінетін қаржы айтарлықтай артқан: 30 млрд теңгеден 201 млрд теңгеге дейін өсті.