Елімізде

Қазақстан жұмыртқа импортына уақытша шектеу енгізбек

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындаған бұйрық жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.

Қазақстанда тауық жұмыртқасын шетелден әкелуге алты айлық шектеу қою ұсынылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындаған бұйрық жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Жаңа шара барлық көлік түріне қатысты болмақ, алайда транзиттік тасымалдарға әсер етпейді.

Министрлік дерегіне сәйкес, отандық құс фабрикалары ішкі нарықтың шамамен 98%-ын қамтамасыз етіп отыр. Осыған байланысты импортты уақытша шектеу ішкі өндірушілерді қолдауға және нарықты тұрақтандыруға бағытталған.

Айта кетейік, 2025 жылы елімізде 4,568 млрд дана жұмыртқа өндірілген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,4%-ға жоғары. Бұған дейін де Қазақстанда жұмыртқа импортына қысқа мерзімді шектеулер енгізілген болатын.