Елімізде

Қазақстанда 1100-ден астам денсаулық, білім мекемесі азық-түлікті жоғары бағамен сатып алған

Тексеріс нәтижесінде 370 млн теңгеден астам қаржы үнемделді

Өткен жылы Қаржылық мониторинг агенттігі азық-түлік бағаларын көтерудің 817 жағдайын анықтаған, оларға қатысты материалдар өңірлік комиссияларға тапсырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 ҚМА дерегінше, 685 мекеменің мемлекеттік сатып алу келісімшарттары қайта қаралып, нәтижесінде 370 млн теңгеден астам қаржы үнемделген. Бүгінгі күні агенттік мемлекеттік мекемелердің азық-түлік сатып алу қызметін қадағалап, "алып-сатарлық" схемаларды анықтауға бағытталған жобаны жүзеге асыруда. Бұл жұмыс кәсіпорындардың қызметіне араласусыз, тек IT құралдарын пайдалану арқылы жүргізілген.

Мәселен, Қостанайда 117 әлеуметтік мекеме қарақұмықты, қантты, пиязды, картопты және жұмыртқаны 180%-ға дейін үстемақы қосып сатып алғаны анықталған. ҚМА Департаментінің араласуынан кейін Қостанай облысындағы барлық мемлекеттік мекемелерде қосымша келісімшарттар жасалып, нәтижесінде 60 млн теңгеге жуық қаржы үнемделген.