Елімізде

Қазақстанда қаржы пирамидасы арқылы 600 адамды алдаған адам Грузиядан экстрадицияланды

Ол төрт жыл бұрын Маңғыстау облысында 600 адамды алдаған

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында күдіктіні Грузиядан елімізге экстрадициялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қазір  күдікті Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторында отыр.