Елімізде

Қазақстанда адам өлтірді деген күдікті Ресейден экстрадицияланды

The final spritzer

Ол көрші елде де қылмыс жасап, сотталған

Өлімге әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіру қылмысына күдікті Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.  
 
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жәбірленушінің өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіргені үшін Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

Аталған адам 2021 жылдың наурыз айында тағы да жеке тұлғаға қарсы ауыр қылмыс жасаған.

 

Жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені үшін ол 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырыған.