Елімізде

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді

Қазақстан аумағында ауа райы қарқынды өзгеріс кезеңінде қалып отыр. Жылы күндер өз орнын қысқы салқын ауаға беруде, ал барикалық құрылымдардың тез өзгеруі температураның айтарлықтай ауытқуына себеп болуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Алдағы күндері аяз әкелген суық антициклон ел аумағынан ығысып, оның орнына жылдам қозғалатын циклон келмек. Бұл циклон жауын-шашын әкелсе де, ауа температурасының көтерілуіне ықпал етеді. Солтүстік және шығыс өңірлерде түнде 3 градус аяздан күндіз 2 градус жылуға дейін жылылық күтілуде.

Оңтүстік өңір тұрғындарын жылы ауа массалары қуантады. Жауын-шашынның тоқтауына ықпал ететін бұл ауа райы 8 қарашада күндізгі уақытта +10…+15°С дейін жылуға мүмкіндік береді.

Ауа райындағы бұл өзгерістер тұрғындарға киім-кешек пен денсаулыққа қатысты сақтық шараларын күшейту қажеттігін еске салады.