Елімізде

Қазақстанда қанша Қазақстан есімді адам бары белгілі болды

Статистикалық деректер бойынша ең қарт Қазақстан 92 жаста, ең жасы 25-те екені нақтыланды

Ұлттық статистика бюросы ұсынған ақпаратқа сәйкес елімізде Қазақстан есімді 28 азамат тұрады.
Ведомство атап өткендей, олардың көпшілігі Қарағанды облысында (7 адам) және Ақмола облысында (6 адам) екені анықталды. 

Статистикалық деректер бойынша ең қарт Қазақстан 92 жаста, ең жасы 25-те екені нақтыланды.