Елімізде

Қазақстанда қара шайдың бірқатар түрін импорттауға және сатуға тыйым салынды

Елімізде санитариялық талаптарға сай келмейтін қара шайдың бірнеше түрін елге әкелуге және сатуға тыйым салынды.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес, Қазақстан аумағына бірқатар шай түрлерін әкелуге және сатуға шектеу қойылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шектеу қойылған қара шай атауларының тізімі:

«Апамның шәйі Premium Gold»

«Sultan Suleyman»

«Pakistan Tea»

«БАЛҚИЯ Premium Gold»

«Aje Onim»

«Al-Hayat Gold»

«Al-Jannat Premium»

«Alfarah»

Мамандар тұтынушыларды аталған өнімдерден бас тартуға және тағам қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырады.