Қазақстанда қай өңір ең көп ет жейтіні белгілі болды
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, шілде–қыркүйек айларында қазақстандықтардың азық-түлікке жұмсаған шығындарының ең үлкен үлесі ет өнімдеріне тиесілі болған — 18,3%, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ет тұтыну бойынша көшбасшылар: Алматы қаласы, Жетісу, Қарағанды және Ақмола облыстары бір адамға шаққанда тоқсанына орта есеппен 24 келі ет.
Ең төмен көрсеткіш — Шымкент қаласында: 16,1 келі.
Тағы бірнеше қызықты тағамдық дерек:
Нан мен жарма өнімдерін ең көп тұтынатын өңір: Түркістан облысы (43,4 кг).
Балық: Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары жиі пайдаланады (5,8 кг).
Сүт және сүт өнімдері: Ақмола облысы алда (83,1 кг).
Көкөніс пен жеміс-жидек — ең көп сатып алынатын қала: Алматы.