Елімізде

Қазақстанда балалардың әлеуметтік желілерге тіркелу жасын шектеу ұсынылды

Депутат Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бүгінде TikTok пен Instagram желілерінде ата-анасының рұқсатынсыз-ақ тіркеліп жатқан 5–6 жастағы балалардың саны артып келеді.

Бүгін Мәжілісте Цифрлық кодекс жобасын қарау кезінде депутат Асхат Аймағамбетов балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне шектеу қою бастамасын көтерді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Депутат аталған мәселеге қатысты Жасанды интеллект министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің ұстанымын сұрады.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мунның айтуынша, бүгінде технологиялық даму әлем бойынша қарқынды жүріп жатыр, сондықтан Қазақстан бұл үдерістен шет қалмауы керек.

Оның сөзінше, министрліктің басты ұстанымы – жас ұрпақты жасанды интеллект пен интернетті саналы әрі қауіпсіз пайдалануға үйрету.