Елімізде

Қазақстанда ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсы петиция 50 мың қол жинады

Енді мемлекеттік орган оны қарауға алуға міндетті

«E-Petition.kz» ресми порталында «Біз ҚР-дағы ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз» петициясы ресми қаралуы үшін қажетті қол жинады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады. Дереккөзге сүйенсек, петицияны қарап, оған қатысты шешім шығаруға берілетін уақыт – 40 күн.