Қазақстанда нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді
Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады.
Ана мен баланы қорғаудың кешенді тәсілінің нәтижесінде өлім-жітім көрсеткіштерінің тұрақты төмендеуіне қол жеткізілді және балалардың әл-ауқаты индексі бойынша топ-30 елдің қатарына енді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Үкімет отырысында жұмыс қорытындылары мен инфрақұрылымдық жобалар туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады.
Өңірлер арасында көмек сапасын теңестіру үшін 15 облыстық балалар ауруханасын жаңарту және заманауи перинаталдық орталықтар желісін салу жүргізілуде. Жаңа нысандар Астана, Шымкент, Алматы және басқа қалаларда жобаланып, салынуда. Баланың туғаннан 18 жасқа дейінгі маршрутын бақылаудың цифрлық жүйесі енгізілді.