Елімізде

Қазақстанда су тасқыны кезінде қаза тапқан адамдардың саны көбейді

The final spritzer

Петропавлда су тасқыны кезінде жоғалып кеткен ер адамның мәйіті су басқан үйден табылды

13 сәуір күні су тасқыны кезінде жоғалған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 34 жастағы қала тұрғынының жоғалғаны туралы туыстары 13 сәуірде Подгора шағын ауданына су  кірген күні айтылған. Желіде олар ер адамның денесі бір айға жуық уақыттан кейін дәл сол жерден табылғанын жазады.

Бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев су тасқынынан 7 адам қаза тапқан ресми түрде мәлімдеген еді. Бұл деректі қоссақ, су тасқыны салдарынан өлген адамдардың саны 8 адамға жетіп отыр.