Қазақстанда жаңа үлгідегі паспорттар беріліп жатыр: ескісін ауыстыру міндетті ме
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 шілдеден бастап қазақстандықтарға жаңартылған 56 мыңға жуық паспорт берілген. Жалпы саны – 88 мың.
Жаңа үлгідегі паспортта жеке деректер көрсетілген бетте барыстың бейнесі түрінде қосымша қорғаныс элементі бар. Бұл – HDM деп аталатын ерекше белгі, оны тек үлкейткіш әйнекпен қарағанда көруге болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Министрлік ескі үлгідегі паспорттарды міндетті түрде ауыстырудың қажеті жоқ екенін түсіндірді.
Сондай-ақ, алдағы уақытта қазақстандық паспорттарға тағы бір жаңашылдық енгізілуі мүмкін – микромәтін. Осы тәсіл арқылы үшінші бетке иесінің қосымша фотосын түсіруге болады.