Елімізде

Қазақстанда жаңбыр, бұршақ пен тұман күтіледі

Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс пен орталық өңірлерде тұман түседі.

Қазгидромет 19 қыркүйек, жұма күніне арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Синоптиктердің мәліметінше, Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында түнде топырақ бетінде -2°C-қа дейін үсік жүреді.

Еліміздің басым аумағында оңтүстік циклон әсер етіп, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыста қатты жауын күтіледі. Сондай-ақ орталық пен солтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал, дауыл тұрады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс пен орталық өңірлерде тұман түседі.

Тек батыс, солтүстік-батыс және оңтүстікте солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз күн райы сақталады.