Елімізде

Қазақстанда жеке деректердің жаппай таралуына қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин айтты.

Қазақстанда азаматтардың жеке деректерін қорғау бойынша қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік айыппұлдарды ұлғайту жоспарлануда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Үкімет отырысында жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтылған тапсырмаларын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Вице-министр цифрлық трансформация азаматтардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі керек деді.