Елімізде

Қазақстандық фильм Сан Себастьянда көрсетіледі

The final spritzer

Қазақстандық фильм Сан Себастьянда көрсетіледі

Қазақстандық «Сары мысық» картинасы Сан Себастьянда көрсетіледі. «24 қыркүйекте режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» фильмі Сан Себастьяндағы 68-ші халықаралық кинофестиваль – «А» класындағы әлемдегі ең беделді кинофестивальдердің бірінде көрсетіледі. Бұл киноқаралым Еуропада маңызы жағынан Канн, Берлин және Венециядан кейінгі төртінші орында» деп мәлім етті «Қазақфильм» киностудиясы Instagram парақшасында. Көрсетілім «Zabaltegi Tabakalera» секциясының аясында өтеді, онда кинематографиядағы жаңа толқынды авторлардың туындылары бар. inform.kz