Елімізде

Қазақстандық оқушылар он күн демалады

Қазақстандық оқушылардың қыстағы демалыс уақыты белгілі болды.

Биылғы оқу жылының кестесіне сәйкес, екінші тоқсан 8 оқу аптасын қамтиды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда 10 күнге созылады.

Бірінші сынып оқушыларына дәстүр бойынша қосымша демалыс қарастырылған. Ол 2026 жылғы 9–15 ақпан аралығында өтеді және 7 күнге созылады.

Үшінші тоқсанның ұзақтығы — 10 оқу аптасы. Көктемгі каникул 2026 жылғы 19 наурызда басталып, 29 наурызды қоса алғанда 11 күнге жалғасады.

Төртінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады. Оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Айта кетейік, күзгі каникул биыл 2025 жылғы 27 қазан – 2 қараша аралығында өтті және 7 күнге созылды.

2025–2026 оқу жылы ресми түрде 25 мамырда аяқталатынын еске саламыз.