Қазақстандықтар Алматыда кісі қолынан қаза тапқан күзетшінің отбасына көмек жинап жатыр
Алматыдағы тұрғын үй кешенінде күзетші болған Нұрбол Қайыпбаевтың артында әйелі мен үш баласы қалды
Қазақстандықтар әлеуметтік желі арқылы күні кеше Алматыда қаза тапқан Нұрбол Қайыпбаевтың отбасына қаржылай көмек жинап жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
28 наурыздан 29 наурызға қараған түні Алматыдағы «Меркур Таун» тұрғын үй кешенінің тұрғыны Асқар Тастандиева ережеге сүйене отырып, тұрғын үй кешеніне кіреберіс есікті ашпаған күзетші Нұрбол Қайыпбаевты көлігімен бірнеше рет басып, артынша аяусыз ұрған. Күзетші жарақатынан тіл тартпай қаза тапқан. Оқиғадан кейін өзін өзі өлтірмек болған Асқар Тастандиевті полиция қолға түсіріп, қамауға алды.
Осы оқиғадан кейін қазақстандықтар отбасын асырау үшін екі жерде жұмыс істеген Нұрбол Қайыпбаевтың жесірі мен үш баласы үшін қаражат жинай бастады.
Қазір оның жазбасын қазақстандықтар бір-біріне таратып, асыраушысынан айырылған отбасыға көмектесіп жатыр.