Елімізде

Қазақстандық әуе компания Алматы мен Манама арасында рейстер ашты

The final spritzer

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді. Рейстер аптасына бір рет орындалады.

2025 жылғы 5 маусымнан бастап қазақстандық Fly Arystan лоукостері Алматы мен Бахрейн астанасы Манама арасында маусымдық рейстерді бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Бахрейнмен әуе қатынасының ашылуы туризм, мәдениет және сауда-экономика салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға оң ықпал етеді.

Әзірге билет бағасы белгісіз, компанияның сайтында бұл бағыт көрсетілмеген.

Манама қаласында дәстүрлі сәулет ескерткіштері сақталған, сауда орталықтары мен жағажай демалысы жақсы дамыған.