"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге маңызды ескерту жасады
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді
23 желтоқсанда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде республикалық маңызы бар автожолдарда ауа райының қолайсыздығы күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Атап айтқанда, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады деп болжануда.
Метеорологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты жол қозғалысына қатысушыларға ерекше сақ болу ұсынылады.
Жолдардағы ахуал туралы өзекті әрі нақты ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы білуге болады.