Елімізде

«Қазсушар» каналдарды реконструкциялау бойынша 7 жоба әзірлеп, 600 млн теңгеге жуық қаржы үнемдеді

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қазсушар» РМК өз күшімен магистральдық каналдарды реконструкциялау бойынша 7 жобаны әзірледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл кәсіпорынға 583,2 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік берді.

Қазір барлық жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп, оң қорытынды алды. Жобалардың алтауы Жамбыл облысының Байзақ және Жамбыл аудандарындағы магистральдық каналдарды бетондау жұмыстарын қамтиды. Ал бір жоба Павлодар облысындағы Қ. Сәтбаев атындағы каналдағы бөгеттердің бірін реконструкциялауға бағытталған.