Бүгін Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады
Бүгін республиканың басым аймағында ауа райы құбылмалы болады. Осыған байланысты ҚазГидромет бірқатар өңірлерде ескерту жариялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Қазақстанның орталығында тұман түсіп, кейбір жерлерде көктайғақ болады деген болжам бар. Ұлытау, Атырау, Ақтөбе облыстарында жел күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында жаңбыр жауады.
Ал оңтүстік және батыс өңірлерінде күн күркіреп, найзағай ойнайды деген болжам бар.