Елімізде

Бүгін Қазақстанның біраз аймағында жаңбыр жауады

2024 жылдың 2 сәуірінде Қазақстанның басым бөлігінде ашық ауа райы сақталса, кейбір жерлерінде жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Қазгидромет хабарлағандай,  Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашын жаумайды. Бірақ, солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр, қар жауады. Ал, оңтүстік өңірлерде  найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Ел бойынша тұман түсіп, солтүстік, солтүстік-шығыста жолдар көктайғақ болады, оңтүстік пен шығыста жел күшейюі мүмкін.