Елімізде

Бүгін елдегі қай жолдар жабық

Мәселен, Қордай мен Алматы арасындағы жолға шектеу енгізілді

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде қозғалыс шектелді:

Алматы облысы

• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы», 59-143-шақырым (Жаңақұрылыс ауылы — Жамбыл облысының шекарасы).

Жамбыл облысы

• осы жолдың 143-214-шақырым аралығы (Алматы облысының шекарасы — Қордай ауылы);
• осы жолдың 159-238-шақырымы (Кенен ауылы — Қайнар ауылы);
• осы жолдың 534-593 шақырымы (Айша-бибі ауылы — Түркістан облысының шекарасы).

Түркістан облысы

• осы 593-654-шақырымы (Жамбыл облысының шекарасы — Машат ауылы).

Павлодар облысы

• «Атамекен — Ақсу — Көктөбе — Курчатов», 25-220-шақырым (Ақсу қаласы — Абай облысының шекарасы);
• KZ14-01 «Павлодар — Шарбақты — РФ шекарасы», 0-112 шақырым (Павлодар қаласы — РФ шекарасы);
• Сондай-ақ жолайрық көпірінің аралық құрылысының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.

ШҚО-дағы шектеу

Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.