Елімізде

Бүгін оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрады

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады

Синоптиктердің болжауынша, бүгін, 22 сәуір күні Қазақстан территориясының басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел күшейеді.Оңтүстікте дауыл, шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік-батыс және орталық Қазақстанда жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады деген болжам бар.

Сонымен қатар, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында ауа сапасы нашарлайды.