Елімізде

Бүгін Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында жер сілкінісі болды

Зілзала әсері азанда сезілген

Қазақстан сейсмологтары Қырғыз Республикасы аумағында болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Мұндай ақпаратты Қазақстанның ұлттық деректер орталығы жариялады.

Деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, 2024 жылдың 10 тамызында Астана уақыты бойынша 10 сағат 26 минутта Қырғызстанда жер сілкінісі болды.

Эпицентр координаттары: 42.67 с.е, 72.16 ш.б. MPV магнитудасы=4,4 энергетикалық класы K=9.8.