«Бұл спектакль»: Блогерлер желіде Жанқош Тұраровтың ісін жай қойылым екенін жазуда
Олардың айтуынша, бұл оқиға қолдан жасалған
Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровқа қыз зорлады деп айып тағылуына орай, желіде түрлі пікірлер жазылып жатыр. Ал кейбір блогерлер боксшының ісін саяси шешімдерді бүркемелеу үшін жасалған "спектакль" деп санайды деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Олардың сөзінше, біздің елде танымал адамдардың араласуымен мұндай оқиғалар жиі орын алады. Мысалы, блогер Қуаныш Еділхантегі facebook - тегі парақшасында өз пікірін былай білдірген.
Әлеуметтік желі қолданушыларының да пікірі екіге жарылды. Бірі, жазба авторын қолдаса, енді бірі - бұл оқиғада қаншама адамның тағыдыры тұрғанын жазған.
Еске салайық, Жанқош Тұраров 26 тамыз яғни ертең аталған іске қатысты журналистердің алдына шығып, жауап бермек.