Елімізде

БҚО-да балаларға шұғыл түрде психологиялық көмек ұйымдастырылып жатыр

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен халыққа жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Соның ішінде, арнайы мамандар балаларға психологиялық көмек берген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Дәлірек айтсақ, жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің мамандары балалардың стресстерін азайтуға арналған ойындар өткізген.