Елімізде

"Бұйрыққа қол қойды": Мобильді аударымдарды тексеру тәртібі нақтыланды

Құжат 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Қаржы министрі Мәди Такиев банктердің салық органдарына мәлімет ұсыну қағидаларын бекітетін бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұған дейін салық органдары жасырын кәсіпкерлік қызметке тек аударымдар санына қарап күмәнданатын. Яғни, егер үш ай қатарынан ай сайын 100 және одан да көп түрлі адамнан ақша түссе ғана тексеру жүргізілетін.

Енді жаңа талапқа сәйкес, аударым санына қоса оның жалпы сомасы да ескеріледі. Егер үш ай қатарынан түскен қаражаттың жиынтық көлемі ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асып кетсе, тексеруге негіз болады.

2026 жылы Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңге деп белгіленген. Осыған сәйкес, үш айда жалпы сомасы 1,02 миллион теңгеден асатын және 100 немесе одан да көп мобильді аударым түскен жағдайда, бұл кәсіпкерлік қызметтен табыс табу белгісі ретінде қарастырылады.