Елімізде

Бағам: Доллар нарықта қанша теңгеге сатылып жатыр

Ұлттық банктің 1 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 488,26 теңге

 Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 487 - 492 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ұлттық банктің 1 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 488,26 теңге.Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,03 теңге. Еуро — 530,54.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 487,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 489,1 теңге.Еуро 530 — 534 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 487 теңге, сатып алу құны — 492 теңге.Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 - 5,07 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 31 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,16 теңгеге төмендеп, 488,23 теңге болған.