Елімізде

Балалардың қауіпсіздігі сақталмаған балабақшаның басшылығы жазаланды

Мектепке дейінгі ұйым санитарлық нормаларды сақтамаған

Құрамында сынабы бар шамды балалардың қолы жететін жерге қойған балабақша басшылығы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

ШҚО Самар ауданының прокуратурасы «Дәншік» балабақшасында санитарлық ережелердің өрескел бұзылуын анықтаған.  Тексеру барысында құрамында сынап бар 22 бірлік  шамның балаларға қолжетімді жерде сақталуы, олардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіргенін көрсеткен.