Баланы ұрған балабақша тәрбиешісі сотталды

Педагогқа қатысты қылмыстық іс қозғалған
Жезқазған қаласында балабақша тәрбиешісі үш жасар баланы ұрып жіберген,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Прокуратураның дерегінше, сотта тәрбиеші жасалған құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындамаған. Бірақ оның кінәсі іс бойынша ұсынылған дәлелдемелермен, атап айтқанда балабақшадағы бейнебақылау камераларының бейнежазбасымен расталған.
Сот үкімі күшіне енді.