Елімізде

Бас прокуратура Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады

Оған Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі бойынша айып тағылып отыр

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасай отырып.

Дереккөзге сүйенсек, кеше,  29 сәуір күні «ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі)» Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталған.

«Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер бар, сондықтан, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды», - деп хабарлайды Бас прокуратура.