Елімізде

Байзақтағы жарылыс: Мемлекет кінәлілерден 25 млрд теңгеден аса қаржы өндіріп алды

Жарылыстан 18 адам қаза тапқан еді

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің төрт жауапкерден 25 093 038 236 теңге келтірілген материалдық залалды мемлекет пайдасына өндіру туралы талап қоюы бойынша істі қарады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Еске салайық, 2021 жылдың 26 тамызында сағат 18:40 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар жол торабында орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің №28349 әскери бөлімінің инженерлік оқ-дәрілер қоймасының бірінен өрт шығып, одан кейінгі жарылыстарға әкеліп соқтырған еді. Нәтижесінде 18 адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шегіп, сондай-ақ мемлекет пен жеке тұлғаларға аса ірі мөлшерде залал келтірілген.

Жауапкерлердің кінәсі Шымкент гарнизонының әскери сотының 2023 жылғы 20 қазандағы және Қазақстан Республикасы Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 13 наурыздағы заңды күшіне енген апелляциялық сот актілерімен дәлелденген.

 

 

 Шешім заңды күшіне енген жоқ.