Байжанов судья Құлбаевадан өзіне неліктен 4 жыл жаза кесілгенін сұрады
Бүгін Астанада 1,5 айға созылған істің үкімі шықты
Сотта Қуандық Бишімбаевтың қылмысын жасырды деп айыпталған Байжанов 4 жылға сотталды. Алайда, сотталушы судьядаға өзінің кінәсіз екенін айтып, неліктен 4 жыл жаза кесілгенін сұрады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Сотта әйелін қатыгездікпен өлтірген Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал, туысының қылмысын жасырды деп айыпталған Байжанов сот үкімімен 4 жылға сотталды. Бірақ, Байжанов судьядан 4 жылдық жазаны не үшін берілгенін сұрап, өзінің кінәсіз екендігін айтты.
Ал, судья Құлбаева алқа билер кеңесінің шешімі осындай болғанын айта келе, сот үкімінің көшірмесін алған сәттен 15 күннің ішінде аппеляцияға беруге болатынын жеткізді.
Сотталғандардың дүние-мүлкі тәркіленіп, сот шығындары өндірілді. Судья Айжан Құлбаева сотталушыдан өндіріп алынған қаржыны көлемін айтты.