Елімізде

Бектенов өңірлерге алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов келесі жылыту маусымына сапалы дайындықты қамтамасыз ету өңірлер үшін басты міндет екенін атап өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жылу желілерін уақтылы жөндеу және сапалы сынақтан өткізу, сондай-ақ белгіленген мерзімдерді сақтау қажеттігіне баса назар аударылды.