Елімізде

«Бір көзден сатып алу көрсеткіші 23 пайыз».  «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң 1 қаңтардан бастап күшіне енеді

Мемлекет басшысы Заңға биыл 1 шілдеде қол қойды

«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Заң жаңа мемлекеттік сатып алу жүйесін құруға бағытталған және онда бағаға емес, сапаға басымдық берілген. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил хабарлады. Оның айтуынша, еліміздің мемлекеттік сатып алу жүйесі 100% электрондық форматқа көшірілген.