Бишімбаевтың көлікпен бала қағып, жауапкершіліктен жалтарғаны рас па?
Астанада бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Еске салайық, 1 сәуірдегі сот отырысында марқұм Салтанат Нүкенованың анасы Бишімбаевтың көлікпен бала қағып, бірақ жауапкершіліктен құтылғанын айтқан еді, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Алайда марқұм Нүкенованың анасы айтқан бұл мәлімдемені Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жоққа шығарды. Игорь Лепеха айтуынша, Полиция сотта айтылған мәліметті жіті тексерген.
Еске сала кетейік, азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген Бишімбаевқа "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.