Елімізде

Бишімбаевтың ұлы үлкен марапатқа ие болды

Бұл туралы баланың анасы Назым Қаһарман әлеуметтік желідегі парақшасына жазды

Қуандық Бишімбаевтың ұлы Кәрім Бишімбаев Barys хоккей клубының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 2023-2024 жылғы үздік қақпашысы атанды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Бұл туралы Кәрім Бишімбаевтың анасы Назым Қаһарман әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. 

Ол жүктеген видеода ұлы Кәрім Бишімбаев марапатталып жатқанын көруге болады. Кейін анасы ұлының марапатын салып, қуанышын жеткізген. 

Айта кетейік, адам өлімі үшін 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның ортақ үш баласы бар.