Елімізде

Биыл 577 энергия нысаны жөнделеді: KEGOC күзгі-қысқы кезеңге дайындықты бастады

The final spritzer

Елімізде алдағы жылыту маусымына дайындық басталып кетті

Үкімет отырысында «KEGOC» компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңнің қорытындысы мен 2025-2026 жылдарға арналған дайындық барысы туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оның айтуынша, өткен маусымда еліміздің электр станцияларында қажетті жоспарлы жөндеу жұмыстары уақтылы жүргізілді.

Нәтижесінде жабдықтың апаттық деңгейі айтарлықтай төмендеді.

Өткен маусымдағы ең жоғары электр тұтыну көрсеткіші 2024 жылдың 8 желтоқсанында тіркеліп, 17,2 МВт-қа жеткен. Ал алдағы жылы бұл көрсеткіш 17,6 МВт-қа дейін жетуі мүмкін деп болжануда.

2025 жылы 10 энергия блогы, 63 энергетикалық қазандық және 39 турбинада күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. 21 мамырдағы жағдай бойынша 1 блок, 2 бу қазандығы мен 1 турбина жөнделіп біткен, тағы 4 блок, 19 қазандық пен 10 турбинада жөндеу жүріп жатыр.

Жалпы алғанда, жыл соңына дейін 577 энергия нысанын жөндеу көзделіп отыр.