Елімізде

Биыл «ҚазАгроҚаржы» фермерлерді 200 млрд теңгеге қаржыландырады

«Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы қазақстандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының кең спектрін қамтиды

Бүгіннен бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ 200 млрд теңге сомасына 5% мөлшерлемемен "Жеңілдікті лизинг" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды бастады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 2025 жылы "Жеңілдікті лизинг" бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру шарттары өзгеріссіз қалады: жылдық 5% мөлшерлеме, мерзімі - 7 жылдан аспайды, бірінші лизингтік төлем - 10% кем емес.

«Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы қазақстандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының кең спектрін қамтиды.